Қытай билігі коронавирустың екінші толқынынан қауіптеніп отыр
2020 ж. 24 сәуір
1220
0
[caption id="attachment_145781" align="aligncenter" width="696"] Workers operate a vehicle to carry out disinfection in Jianghan district, following an outbreak of the novel coronavirus in Wuhan, Hubei province, China February 10, 2020. China Daily via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS IMAGE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. CHINA OUT.[/caption]
Осы ретте елдің солтүстігіндегі ең ірі қалалардың бірі – Харбинге өзге өңір тұрғындарына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ басқа аймақ нөмірі бар көліктер де шаһар аумағына өте алмайды. Ал, жергілікті халық үйден шыққанда, QR-кодты көрсетуі тиіс. Ол адамда коронавирустың жоғын растайды. Одан бөлек, тұрғындар көшеде және қоғамдық орында маска тағып жүруге міндеттелді.
Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын 10 миллион халқы бар осы Харбин қаласында коронавирус өршіп бара жатқаны жайлы белгілі болды. 21 сәуірде 7 жаңа дерек тіркелген. Қазір расталған оқиғалар саны 60-қа таяп қалды. Одан бөлек, 1400 адам «коронавирусты жұқтыруы мүмкін» деген күдікпен медициналық бақылауға алынған.