ҚАЗЫБЕК ИСА - "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2012 ж. 15 қазан
3618
18
Жақында болған партияның Орталық кеңесінің отырысында бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды: белгілі қазақ ақыны Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды, Анарбек Орман Орталық кеңес Президиумының құрамына сайланды. Орталық кеңес пленумы облыстық филиалдардың қатысуымен бейне-конференция режимі арқылы өтті.
Сонымен қатар, Орталық кеңес мүшелері «Алаш» қозғалысының 95 жылдығына орай «ХХI ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында конференция өткізу туралы президиум бастамасын қолдады. Конференция осы жылдың қараша айында Астана қаласында өтеді деп шешілді.
Партия төрағасының орынбасары,
«Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Анарбек Орман «Ақ жол» партиясының Парламенттегі фракциясының заң шығарушылық қызметі бойынша ұсыныстарын айтты. Орталық кеңес фракцияға ұсыныстарды қарауды және оларды алдағы заң шығарушылық қызметте пайдалануды тапсырды.
Орталық кеңес Талғат Әбдіжаппаровтың партия төрағасының орынбасары өкілеттігін тапсыруы туралы арызын қанағаттандырды.
Отырыста сондай-ақ партияның орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының өзара әрекеттестігінің ағымдық мәселелері талқыланды.
Анықтама үшін:
Жаңадан сайланған «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Жарылқасынұлы Иса – белгілі публицист, қазақ ақыны және қоғам қайраткері, «Жас қазақ үні» республикалық басылымының редакторлар кеңесінің төрағасы. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Мәдениет қайраткері. 2003 жылдан бері «Ақ жол» партиясының мүшесі болып табылады.