Қожанасырдың көші-қонда несі бар?
2010 ж. 11 наурыз
1416
0
Ақпарат көздерінің жақынғы күндердегі хабарлауынша өткен жылы отанына оралған қандастардың саны 75 мыңға жеткен көрінеді. Осы дәйектемені келтірушінің сөзіне сенсек, көшіп келушілердің 59 пайызы Өзбекстаннан, 14 пайызы Моңғолиядан, 10 пайызы Қытайдан келген екен. Бұл мәлімет бойынша болғанда өткен жылы Өзбекстаннан көшіп келушілердің саны 44 мың 250 адамға яғный 9 мың отбасыға, Моңғолиядан көшіп келушілердің саны 10 мың 500 адамға яғный 2 мың 10 отбасыға, Қытайдан көшіп келушілердің саны 7 мың 500 адамға яғный ондағы жоспарлы тууға байланысты бір отбасыда 4 адам делінгенде 1 мың 875 отбасыға тура келеді екен.
Өзбекстаннан келіп жатқан ағайындарды айтпаған күннің өзінде өткен жылы Моңғолиядан 2 мың 10 отбасы, Қытайдан 1 мың 875 отбасының осы жаққа қопарыла көшіп кеткенін сол елдерде тұратын қандастарымыз растай алмай отыр. Демек, өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен дегендей бір кәдіктің бары шын. Мүмкін бұрынғы жылдарда көшіп келушілермен сандық мәліметті толықтап «жамап-жасқап» жатқан шығар. Олай болғанда өткен жылғы мәлімет немесе одан арғы жылғы мәліметтерде де жалғандық болғаны ма?
Ал шетелде әлі күнге дейін 5 милионнан артық қандасымыздың отырғанын ескерсек, біз тәуелсіздік алған 18 жылдан бері олардың үлкендерін қойып, жыл сайын туып жатқан балаларының өзін әкеле алмай жатырмыз ба деген ой тағы мазалайды.
Осындайда Қожанасырдың бір әңгімесі еске түседі. Әйеліне базардан үш килограм ет әкеліп берген Қожакең бір айналып келсе ет жоқ. Әйелінен сұраса «мысық жеп қойды» деп жауап беріпті. Сол сәтте Қожанасыр әлгі мысықты дереу таразыға тартыпты. Ол да 3 килограм шықса керек. Сонда ол әйеліне: «Мұны мысық десек ет қайда, ал ет десек мысық қайда?» деген екен.
Біздің көші-қон басында жүрген азаматтарға да сол Қожекеңнің сауалын қоятын біреудің табылмағаны-ай!
Жәй Қазақ