ХАРАМ КӘСІПТІ НӘСІП ЕТКЕНДЕР...

d0bad0b0d0b7d0b8d0bdd0be-d184d0bed182d0be-1

Осы уақытқа дейін айты­лудан да жазылудан да кенде қалмаған еліміздегі ойынхана мәселесі әлі күнге дейін сиырқұйымшақтанып шешілмей келеді. 2007 жылдың сәуір айынан ба­стап күшіне енген Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңы бұл мәселеге нүкте қоятындай болып көрінген еді. Осы заңның аясында Алматы об­лысына қарасты Қапшағай су қоймасының және Ақмола облысындағы Шор­танды көлінің жағалауынан басқа аймақтардың барлығында козино мен ойын автоматтары залдарының жұмыс жа­сауына тыйым салынғанына қарамастан, ойынханалар әлі күнге дейін өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәпақасын осы кәсіп арқылы тау­ып отырғандар үшін ел заңдарын аяқ асты ету деген түкке де тұрмайды.

Мұрны қанап еңбек етпей-ақ, ойынхана арқылы оңай олжаға кенеліп үйренгендер бұл кәсіптен айрылғысы келмейтіндігі де анық.

Ұрының арты қуыс болатыны бесенеден белгілі емес пе? Өткен жылы құзырлы органдардың қарқынды жұмыс жүргізгендігінің арқасында Ұрының арты қуыс бо­латыны бесенеден белгілі емес пе? Өткен жылы құзырлы органдардың қарқынды жұмыс жүргізгендігінің арқасында ойын бизнесі туралы заңды белшесінен басқандардың әрекеті әшкере болды.

Тарқатып айтар болсақ, 2009 жылы қаржы полициясы органда­ры заңсыз ойын бизнесі саласында 26 қылмыстық іс қозғаған болатын болса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға арттық. Тек­серу жұмыстарының нәтижесінде 17 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 10 тұлға заң алдында жауапқа тар­тылды.

Жүйелі жүргізілген жұмыс 256 астыртын ойын мекемесінің қызметі әшкерелеген. Ал, бұл өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға артық болып отыр.

Қаржы полициясының мәліметіне сүйенер болсақ, заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құрайды екен. Бұл дегеніңіз өз кезегінде мемлекет қазынасын молықтыруға қосылған үлес болып отыр

Ойын бизнесінің заңға сәйкес жұмыс жасауы үшін республи­ка көлемінде ауқымды істер атқарылғаны аян.

Осы ретте қаржы полиция­сы органдарының статистика­сы Алматы қаласын заңсыз ойын мекемелерінің орналасқан аймағы деп тауып отыр. Бұл дегеніңіз Алматыға бір кездері ойынхананың ошағына айналып кету қаупі төнгендігін көрсетсе керек.

Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында «Сарканд» бизнес орталығының ғимаратында бір казиноның астыртын жұмыс істегендігі анқыталды. Тексеру барысында покер және рулетка ойнауға арналған 11 ойын столы, 4,5 мың АҚШ доллары мен 500 мың теңге табылған. Козино залын­да 7 ойыншы, 9 диллер ойынның көрігін қыздырса, 3 даяшы, бар­мен және күзетшілер оларға қызмет көрсеткен. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет көрсеткені үшін Алматы қаласының ЭСЖКД казино иесіне қылмыстық іс қозғалған.

Харам кәсіпті нәсібім деп санай­мын деп жүріп бас-бостандығынан айрылғандар да баршылық. Мыса­лы, Алматы қаласында заңсыз кази­но ұйымдастырған Т. Набян есімді азамат шартты түрде екі жылға бас-бостандығынан айрылған. Казино­ны тексеру барысында касса мен сейфте 3,5 млн.теңге және 24 760 АҚШ доллары алынған. Тәркіленген қаржы мемлекет қазынасына аударылған. Базбір азаматтар заңсыз ойын бизнесін «гүлдендіруге» «үлесін» қосып жатқанда, құр қарап қалғысы келмегендері осы жолда алаяқтық жасауды жөн деп тауып­ты. Сөйтіп, өзін біраз козинолардың қожайынымын деп таныстырған С.Т. деген азамат 5 адамның жалпы соммасы 10,5 млн.теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп табанын жалтыратқан. Көп ұзамай-ақ, жасаған ісі мәлім болған бұл алаяқ 6 жылға бас-бостандығынан айрыл­ды.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі анықтағандай, заңсыз ойын айналымының негізгі бөлігін ойын автоматтарының астыртын зал­дарын ұйымдастыру фактілері құрап отыр. Бір ғана 2009 жылдың өзінде қаржы полициясы орган­дарымен 239 осындай ойын зал­дары қызметінің әшкереленуі осы сөзіміздің айғағы болса керек.

Базбір азаматтар заңсыз ойын бизнесін «гүлдендіруге» «үлесін»  қосып жатқанда, құр қарап қалғысы келмегендері осы жолда алаяқтық жасауды жөн деп тауыпты. Сөйтіп, өзгелерге өзін біраз козинолардың қожайынымын деп таныстырған С.Т. деген азамат 5 адамның жалпы соммасы 10,5 млн.теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп табанын жалтыратқан. Көп ұзамай-ақ, жасаған ісі мәлім болған бұл алаяқ 6 жылға бас-бостандығынан айрыл­ды.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі анықтағандай, заңсыз ойын айналымының негізгі бөлігін ойын автоматтарының астыртын зал­дарын ұйымдастыру фактілері құрап отыр. Бір ғана 2009 жылдың өзінде қаржы полициясы орган­дарымен 239 осындай ойын зал­дары қызметінің әшкереленуі осы сөзіміздің айғағы болса керек.

Бұл ойын бизнесі саласындағы бір ғана Алматы қаласында орын алған заңсыздықтар. Ал, республи­ка көлемінде ойын бизнеснің да­муы өз қарқынын бәсеңдетпегенін  байқау қиын емес.

Сонымен қатар Алматы қаласында өткен «Ойын бизнесіне жол жоқ» акциясының аясында қала әкімдігінің сенім телефо­нына және ресми веб-сайтының пошта жәшігіне заңсыз жұмыс істейтін ойын залдары тура­лы 47 хабарлама келіп түсіпті. Тұрғындардың осындай ақпарлары Ішкі істер департаменті мен экономикалық қылмыс және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданған. Мұның өзі заңсыз ойынханалардың жұмысын тоқтатуға, яғни заңсыздықты жоюға қала тұрғындарының қосқан үлесі екендігі даусыз. Ендігі жерде заңсыз жұмыс жасап жатқан ойынхана­лармен күрес науқандық шара бо­лып қалмай, әрі қарай жалғасын тапса, жөн болар еді. Өйткені әлі де ашықтан-ашық болмаса да, астыртын жұмыс жасап жатқан құмарханалар жетерлік...

 

                             Гүлмира САДЫҚОВА