Нұр-Сұлтанда төрт айлық нәресте коронавирус инфекциясын жұқтырды
2020 ж. 21 наурыз
2243
0
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 20 наурыз күні коронавирус инфекциясы анықталған 3 науқастың жай-күйін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төрт айлық нәрестесі бар отбасы 19 наурызда Париж-Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсіріліп, ауруханаға жеткізілген.
«Аталған бортта 73 жолаушы болған. Сол борттан осы үш адам ауруханаға жеткізілді және соның ішінде 7 адаммен жақын байланыста болғаны анықталды. Қалған 63 жолаушы үй карантиніне жатқызылды», - деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Алматы облысында к оронавирус індетін жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды.
21 наурыз сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.