Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 болды
2020 ж. 18 наурыз
1426
0

Алматы қаласында тағы 2 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.