Halyk Bank-тің клиенттерге кеңес беретін қызметкерінен коронавирус анықталды
2020 ж. 16 наурыз
1440
0
Алматыдағы Halyk Bank ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз көпшілікке COVID-19 коронавирус жұқпасының анықталған жағдайларының бірі банк ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкеріне тиесілі екені туралы хабарлауды қажет деп санаймыз", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы жауап алгоритміне сәйкес, науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер қазіргі уақытта оқшауланған және карантинге жатқызылған.
"Банк қазірдің өзінде клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған теңдессіз шаралар қабылдады. Кеңселік үй-жайлар мен бөлімшелерді үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді", - деп атап өтті Halyk Bank.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 адамнан коронавирус анықталды, оның 7-еуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда тіркелді.