Шетелдіктерге білім гранттары беріледі
2020 ж. 09 наурыз
1307
1
ҚР Білім және ғылым министрлігі Әзірбайжан азаматтарына біздің елге келіп оқу үшін жыл сайын 10 білім грантын ұсынады.
«Қазақстан Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Білім министрлігі арасындағы 2017 жылдың 3 сәуіріндегі келісімге сәйкес 5 бакалавриат және 5 магистратура грантын ұсынады. Яғни, екі ел бірбіріне 10 гранттан береді», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. Айта кетерлігі, Әзірбайжанның trend.az ақпарат агенттігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Әзірбайжан азаматтары үшін 2020-2021 оқу жылына бакалавират пен магистратура бойынша стипендиялық бағдарламасын жариялағандығын, білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетіндігін хабарлаған болатын. Жалпы, еліміздің Білім министрлігінің мәліметінше, мұндай келісім Қазақстан мен Қытай, Мажарстан, Қырғызстан, Беларусь сынды тағы 12 елдің арасында бар. Келісімге сәйкес тараптар бір-біріне бірдей білім гранттарын ұсынады. Мұнан бөлек, Абай-Верн бағдарламасы аясында Франция Қазақстан үшін біржақты 100 грант (90 магистратура, 10 докторантура) бөледі. Ал Қазақстан біржақты 30 грантты Ауғанстан жастарына береді.
qazaquni.kz