«Ақ жол» адал бизнеске араша түсті
2020 ж. 06 наурыз
1407
0
Жоғарғы Сот «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары қосарланған салық салу және бизнесті банкроттыққа ұшыратқаны үшін сынға алған Нормативтік қаулының даулы тармақтарын алып тастады. Бұл туралы ҚР Жоғары сотының салық даулары жөніндегі жұмыс тобының отырысында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді.
Еске салайық, 12 ақпанда кәсіпкерлердің өтініші бойынша Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік кірістер комитеті мен облыстардың жүзден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен «Ақ жол» партиясының отырысы өткен болатын. Онда шағын және орта бизнес өкілдері салықты қайталап салудан зардап шеккені туралы айтып берді. Олардың айтуынша, салық органдарының осындай талаптары үш жыл ішінде 9 есе өсіп, өндіріп алу сомасы миллиард теңгеге дейін жетіп, кәсіпорындар құлдырау алдында тұр.
Анықталғандай, мұндай шағымдарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 4 және 6-тармақтары негіз болды. Онда кәсіпкердің активтері, ғимарат, көлік, материалдық және еңбек ресурстары жеткіліксіздіктен мәмілелер жарамсыз деп танылуы мүмкін. Іс жүзінде, бұл қазіргі қиын жағдайда шығындарды азайтып, нақты жобалар үшін құрал-жабдықтар мен персоналды тартуға мәжбүр өз жұмысын адал атқарып отырған шағын және орта бизнестің мүдделерінің бұзылуына әкелді. Талқылаудан кейін «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясының депутаты Ерлан Барлыбаев 19 ақпандағы Мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке кәсіпкерлерді қорғау туралы депутаттық сауал жолдады.
Дәл осындай ұсынысты фракция төрағасы Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жазып, оның жанындағы салық даулары жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қайта бастауды сұрады.
5 наурызда Жоғарғы Сот судьяларының, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, «Атамекен» ҰКП және Салық төлеушілер қауымдастығының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының төрағасы Жақып Асанов даулы нормалардан көрсетілген Нормативтік қаулыдан 4 және 6-тармағының үшінші абзацтарын алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім, қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, салық органдарының талаптарын формалды белгілерді қарастырудан - мәмілелердің мазмұнды, материалды құрамын бағалауды қайтарады.
Сонымен бірге, Ж.Асанов бұл шешімнің маңыздылығын асыра айтпауға шақырды. Өйткені салық органдары қалай болса да, күмән туғызатын мәмілелер үшін сотқа жүгінуге құқылы. Енді ше олар кез келген мәміленің заңсыздығың әшкерелеу үшін экономикалық дәлел келтіруі тиіс. Мұндай әрекеттер салық органдарының құқығы ғана емес, сонымен қатар міндеті болып табылады. Себебі салықтан тығылып, жемқорлықпен шығарылған қаржы триллиондап есептеледі. Ал заңсыз операцияларды әшкерелеп, және де оларды адал бизнестен ажырату үшін мүдделі меморгандар кешенді тәсілді қабылдауы керек.
Өз кезегінде «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жоғарғы Соттың төрағасы мен судьяларына ризашылығын білдіріп, Мәжіліске келіп түскен салық туралы заң жобасына Жұмыс тобы әзірлеген түзетулерді енгізуге дайын екендігін білдірді.