Елімізде шетелдегі қазақтардың оқуына құжат қабылдау басталады
2020 ж. 28 ақпан
1713
0
Елімізде шетелдегі қазақтардың оқуына бұл жолы 550 грант бөлініп отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламасы негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша еліміздің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады. Грант саны: 1. Бакалавриат – 490 2. Магистратура – 50 3. PhD докторантура – 10 Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. · Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады. · Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық. · Қазақстан бойынша гид. · Брошюра. · Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады. · Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек: Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша: · жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; · алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы) · қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе; · үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат; · үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама; · қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда). Бакалавриат / магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі PhD докторантура: · жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; · алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы) · қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе; · үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат; · үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама; · қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда). · қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме · Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат: Ағылшын тілін меңгеру бойынша: · TOEFL ITP - кемінде 138 балл, · TOEFL IBT - кемінде 32 балл, · TOEFL PBT - кемінде 400 балл, · TOEFL PDT - кемінде 47 балл, · IELTS - кемінде 4.5; Неміс тілін меңгеру бойынша: · DSH - Niveau В2/В2 деңгейі, · TestDaF-Prufung - Niveau В2/В2 деңгейі; Француз тілін меңгеру бойынша: · TFI - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), · DELF - B2 деңгейі, · DALF - C1 деңгейі, · TCF - кемінде 400 балл. Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.