Жалағаш жастары іске кірісті
2020 ж. 24 ақпан
1835
0
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Волонтерлер жылы» аясында аудандық білім саласының «Біз біргеміз – берік іргеміз» атты аудандық жиын өткізіп, жастар өздері жоспарлаған жобаларды ұсынды.
Атап айтсақ, №38 орта мектеп оқушысы Мәди Бижан «Таза әлем» жобасымен тұрмыстық қалдық өнімдерін жинау арқылы тазалыққа бей-жай қарамайтын волонтерлар тобының жұмысы жөнінде айтып берді. Сол сияқты Дидар Өмірзақ «Қауіпсіз жол» акциясы негізінде, Аружан Нұрадин «Саулық» бағыты бойынша денсаулық сақтау саласымен бірлесіп жасалып жатқан «Салауатты өмір салтын сақтайық» акциясы жайында әңгімеледі. Ауданда №201 мектеп-лицейіде Нәзия Еркінқызы басшылық жасайтын волонтерлар тобы оқушылар қолынан жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, одан түскен қаржыға ерекше білімді қажет ететін оқушылардың туған күніне сыйлық жасап, мерекелік қайырымдылық шараларын өткізеді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп қауіпті аймақтарға белгілер ұйымдастырып келе жатқан волонтерлар тобы атынан Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей оқушысы Инабат Тыныштықбай сөз сөйлеп, бейнеролик арқылы жүргізілген жұмыстарын көрсетті. Жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, облыстық білім басқармасының тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Мәди Бекмағанбетов сөз сөйлеп, белсенді жастарға сәттілік тіледі. Форум соңы Волонтерлар жылының эстафетасын Жалағаш ауданынан Сырдария ауданына табыстауымен қорытындыланды.
qazaquni.kz