Қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды - ҰҚК
2020 ж. 24 ақпан
3424
0
2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.
Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған.
Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.
2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қ. Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.