Бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау қажет
2020 ж. 21 ақпан
1143
0
ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көр сетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғам ды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысының осы айтылған тапсырмасын БАҚ өкілдері көптен күткен-ді. Бүгінгі күні ашық, нақты ақпарат таратудың маңызы өте зор. Негізсіз, кейде жалған ақпарат бұқараны адастырып, жарға жығуы мүмкін. Сондықтан, бұл салаға баса мән беріп, табанынан тозып жүгіріп жүретін журналистер үшін ақпарат алу барынша қолжетімді болғаны жөн. Ол үшін кез-келген ұйым, әсіресе, мемлекеттік органдар қолындағы ақпаратты ешқандай кедергісіз ұсынуға міндеттелуі керек.
Екінші, журналистер қауымы заңдық жағынан ғана емес, әлеуметтік тұрмыстық жағынан да қорғалмаған. Олардың дәрігерлер мұғалімдер немесе басқа мамандық иелері сияқты мемлекеттік не қоғамдық мәртебесі анықталмаған.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz