АҒЫП ӨТКЕН ҚЫРАНЫМ! Төлеген Тәжібаевқа – 100 жыл
2010 ж. 04 наурыз
1419
0
әнін жазған: Әмірхан Телғозиев
сөзін жазған: Мылтықбай Ерімбетов
Айдай анық, Күндей биік, жарығым,
Аспандағы Алла шешкен тағдырын.
Ақ бұлақтай нәрін беріп халқына,
Алашына арнап өткен бар күнін,
Төлеген деп шырқалады ән бүгін.
Тасты тескен шынарым,
Ағып өткен қыраным,
Жүрегімен жер бетін,
Жарық еткен шырағым.
Әділеттен айнымаған өмірде,
Әлі жүрсің, мәңгі тұрсың көңілде.
Ер бейнелі, өр кеуделі Тұлғасың,
Егеменді еліміздің көгінде,
Бақ жұлдызың жарқырайды Сенің де.
Ақиқатты қолға алдың,
Алашым деп толғандың.
Саясынан ел кетпес,
Бәйтерекке айналдың!
Сырылған соң өткен жылдар сағымы,
Сансыз ұрпақ өнегеңді таныды.
Жүз ниетті, мың тілекті ерітіп,
Қазағымның Азаматы, Ғалымы,
Жүрегімнің жандырып тұр жалыны!
Биіктерге өрледің,
Білім болды тергенің.
Құтты болсын Еліңе,
Қайта оралып келгенің!