Елордадағы әуежайда ауа райына байланысты 31 әуе рейсі кешіктірілуде
2020 ж. 19 ақпан
1344
0
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ауа райының бұзылуына байланысты 31 рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайдан хабарланғандай, басқа қалалардан ұшақтың кешігіп келуі мен сондағы ауа райының жайсыздығы салдарынан 16 рейс уақтылы орындалмаған.
Олар:
- «Air Astana» әуе компаниясының 8 рейсі (олардың ішінде Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-әл-Шейх қалаларынан келетін халықаралық рейстер);
- «SCAT» әуе компаниясының екі рейсі (Өскемен және Шымкент қалаларынан);
- «Qazaq Air» әуе компаниясының екі рейсі (Петропавл мен Костанайдан);
- «Fly Arystan» әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы және Қостанайдан);
- «Etihad Airways» әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиден).
Сонымен қатар, басқа қалалардан ұшақтардың кешігіп келуі салдарынан 15 рейс уақтылы орындалмаған:
- «Air Astana» әуе компаниясының 7 рейсі;
- «Qazaq Air» әуе компаниясының екі рейсі (Ақтөбе мен Қостанайға);
- «Fly Arystan» әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы мен Қостанайға);
- «Turkish Airlines» әуе компаниясының бір рейсі (Ыстамбұлға);
- «Etihad Airways» әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиге);
- «FlyDubai» әуе компаниясының екі рейсі (Дубайға).
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.