Мақтааралда ұлтаралық татулықты сақтауға арналған меморандум қабылданды
2020 ж. 14 ақпан
1316
0
Мақтаарал ауданының әкімі, ауданының прокуроры, ҚР ҰҚК-нің аудандық бөлім басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық соттың төрағасы, облыстық "Қоғамдық келісім" КММ, аудандық "Тәжік", "Славян", "Өзбек", "Әзірбайжан", "Корей" этно-мәдени орталықтарының төрағалары өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум түзді.
Меморандумның негізгі мақсаты - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша ұлтаралық түсінбеушіліктің, кикілжіңнің, қақтығыстың алдын-алу, этникалық мәселелерді теріс саяси мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады.
Айта кетейік, меморандумдағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша көп жақты әріптестік бағытта жұмыс жүргізілетін болады.