Алматы өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтың "серкесі" ұсталды
2020 ж. 04 ақпан
5684
0
ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қ. ПД УҰИ-ға қамалды.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.
ҚР ҰҚК-ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.