Қазақстанда Samsung Pay-ді іске қосылды
2020 ж. 23 қаңтар
1309
0
Қазақстанда алғашқы болып Halyk Bank және Samsung Electronics компаниясы 21 қаңтардан бастап Samsung Pay танымал төлем сервисін ашық бета тестілеуді бастайды. Оңай, ыңғайлы және қауіпсіз Samsung Pay мобильдік төлем сервисі жанасусыз төлемдерді қабылдайтын кез келген терминалдарда тауарлар мен қызметтердің ақысын тікелей смартфоннан (немесе Samsung смарт-сағатынан) төлеуге мүмкіндік береді.
Осы сервисті қосу үшін Halyk Bank арнайы бонустық акция жариялады – Halyk Bank карталарымен Samsung Pay төлемдеріне 10% бонус ұсынады. Қазірдің өзінде Halyk Bank клиенттері Қазақстанда алғашқы болып Samsung Pay қосымшасын орнатып, Halyk Bank-тің Visa немесе MasterCard карталарын қоса алады. Ол үшін қысқаша тіркеуден өту қажет (нақты нұсқаулық https://halykbank.kz/samsung сайтында берілген). Бұл қызметті 2015 жылғы Galaxy S6 өнімдерінен бастап, NFC модулі бар барлық заманауи Samsung смартфондары қолдайды. Сервис толықтай қауіпсіз болып табылады. Samsung Pay қызметінде төлем карталардың барлық деректері сенімді түрде қорғалған. Сервисте сенімді үш деңгейлі қорғаныс орнатылған, ол төлем операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді: саусақтың ізі бойынша сәйкестендіру (әрбір сатып алу операциясы үшін қажет), токендеу және Samsung KNOX. Samsung KNOX – смартфонды зиян әрекеттерден қорғайтын және смартфонның ықтимал осалдығын үздіксіз қадағалайтын, орнатылған қауіпсіздік жүйесі. Ол смартфонда банк картасы деректерінің операциялық жүйеден бөлек орналасқан Samsung KNOX-тің ішінде қорғалған контейнерде шифрланған түрде сенімді сақталуын қамтамасыз етеді. Карта иесі туралы ақпарат және басқа да деректер телефонда немесе компанияның серверлерінде сақталмайды, сондықтан да олар құпия болып есептеледі. «Жаңа коммуникациялық және банктік технологиялардың арқасында елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығы соңғы уақытта айтарлықтай өсті, – деп Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті, – бұл тұрғыда Halyk Bank заман талабына сай бизнес-процестерімізді ары қарай цифрландыру бағытымен дамып келеді. Бүгін біз Samsung Electronics компанисымен бірлесіп Қазақстан нарығында бірегей қолайлы сервисті ұсынып отырмыз. Бұл – бүгінде дүкендерде, кафе, мейрамханаларда, қоғамдық көлікте, сондай-ақ электрондық үкімет порталында (eGov) мемлекеттік қызметтер үшін төлем жүргізгенде қолданылатын біздің банк ұсынып отырған QR-төлемдерге және басқа да сервистерге қоса, жанасусыз төлеудің тағы бір ыңғайлы тәсілі». Samsung Pay сервисін ресми түрде қосу 2020 жылғы ақпан айының соңында өтеді. Galaxy Watch смарт-сағаты Samsung Pay қызметін 2020 жылғы наурыздан бастап қолдайды. *** «Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан артық табысты жұмыс жасап келе жатқан және де барлық негізгі көрсеткіштер бойынша елде көшбасшылық ететін Қазақстан Республикасының ең ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк қызметтердің кең ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассациялау және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк сонымен қатар өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады. Samsung Pay — бұл Samsung Electronics әзірлеген мобильдік төлемдер қызметі. Пайдаланушылар оны қолдайтын телефондар және басқа да тағып жүретін құрылғыларды қолдана отырып, төлем жасауға мүмкіндік алады. Сервис NFC төлемдерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар магнит сызығы бар карталарды ғана қолдайтын терминалдардың көмегімен электрмагниттік тарату технологиясын (MST) қолданып төлем жүргізуді де қолдайды.
qazaquni.kz