Қарағандыда есірткі сатқан ұстаз сотталды
2020 ж. 13 қаңтар
1711
0
Қарағандыда 23 жастағы ұстаз заңсыз түрде есірткі сатып, оның сақтағыны үшін сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер азамат есірткіні Telegram желісі арқылы сатқан көрінеді. Ол Қарағандыдағы мамандандырылған мектеп-интернатында дефектолог-мұғалім болып қызмет атқарыпты. Тінту жұмыстары кезінде оқытушыға тиесілі есірткінің көп мөлшері табылған.
"Сот үкімі ер азаматты кінәлі деп тауып, оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қоғамға деген жоғары қауіптілік танытқанына қарамастан, баптық санкцияға сәйкес қылмыстық жазасы жеңілдетілді", - деді Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот қызметкерлері.
Бұған қоса сот хаттамасында ұстаздың есірткіні сабақ пен жұмыс уақытынан тыс кезде таратқаны айтылды.