Отбасы жаңа жылдық отшашу салдарынан несиеге алған көліктен айырылды
2020 ж. 04 қаңтар
10557
0
Павлодар қаласындағы тұрғын үй аулаларының бірінше жаңа жыл түні Hyundai Creta маркалы кроссовер өртеніп кетті. Көлік иесінің мәлімдеуінше, көліктің отқа орануына жаңа жылдық отшашулар себеп болған, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік иесінің қызы Дианар Бабашеваның айтуынша, 31 желтоқсан түні олар отбасымен жаңа жылды қарсы алған.
«Түнгі сағат екілер шамасында бізге көршіміз қоңырау шалып, ауладағы әкемнің көлігі өртеніп жатқанын айтты. Көршілер өрт сөндірушілерді шақыртты», — деді ол.
Динараның сөзінше, өрт сөндірушілер көліктің жанып кетуіне жаңа жылдық отшашулар себеп болғанын айтқан екен.
Көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан бейне бақылау камераларында жас адамдардың салют атқаны және от шашудың бірнеше залпы көлікке тигені анық көрінеді, - дейді Бабашева.
Отбасы полицияға арыз жазды.
Атап өту керек, бұл көлікті отбасы кредитке рәсімдеп алған екен.