Қазақстанда Fokker-100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды

Қазақстанда Fokker-100 түріндегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиғаның мән-жайы анықталғанда бұл түрдегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясының паркі Fokker-100 ұшақтарынан тұрады.

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.