Мемлекет басшысы республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
2019 ж. 05 желтоқсан
1755
1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың үш жылдық бюджетіне, қалалар арасындағы трансфертқа және ұлттық фондтан төленетін қаржыға байланысты заңнамаларға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Атап айтсақ, мемлекет президенті «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» зағдарын бекітті.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Аталған заңнамаларда Қазақстан президентінің қоғамдық жұмыскерлер, ұстаздар және мәдениет қайраткерлерінің жалақысын көтеру және т.б. нұсқаулықтары көрсетілген.