Ұлттық банк БЖЗҚ қаржысын қайда жіберіп жатыр?
2019 ж. 30 қараша
1820
0
Қазақстанның Ұлттық банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылғы қазанға арналған инвестициялық қызметке қысқаша шолуды салымшылар назарына ұсынды.
2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 564,4 млрд. теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге айналдырылған қаржы 6 949,8 млрд. теңге немесе 65,8%, шетел валютасына айналдырылған қаржы көлемі 3 614,6 млрд. теңге немесе 34,2% болды. 2019 жылғы қазанда теңгеге айналдырылған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 192,03 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде – ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,6% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 12,88 млрд. теңгеге мемлекеттік бағала қағаздары (МБҚ), «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жылдық 11,5% кірістілігі бар 170,0 млрд. теңге тұратын облигациялары, ҚР ЕДБ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде 7,50 млрд. теңге сомасына «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ-тың және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың жылдық 10,75% кірістілігі бар 1,65 млрд. теңгеге айналдырылған облигациялары сатып алынған. 2019 жылдың қазан айында шетел валютасымен көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 267,6 млрд. теңгені құрады. Есепті кезеңде жылдық 1,65% орташа алынған кірістілікпен 238,5 млрд. теңге көлемде АҚШ-тың қысқамерзімді МБҚ сатып алынды. Осы кезеңде Ресей, Филиппин, Перу, Индонезия, Мексика, Бразилия сияқты елдердің МБҚ-ын сатып алу туралы мәміле қарастырылды. Бұл мәмілелер нарықтық жағдайларда зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында жасалды.
qazaquni.kz