Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды
2019 ж. 29 қараша
6109
0
Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры, Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияның мүшесі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдегі элеватордың құнын төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені жымқыруға жәрдем берді деген күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.
Дереккөз: sputniknews.kz