Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі: Сотталушылардың бірі экс-полицей болып шықты
2019 ж. 01 қараша
2817
0
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне күдіктілердің біреуі бұрынғы жол полициясы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық ауданаралық мамандандырылған сотта қоғамда резонанс тудырған іске қатысты алдын ала тыңдалым басталды. Мұның алдында істі прокурорға қайтару туралы өтініш түскен болатын. Судья Бекзат Шалғымбаев аталған өтінішті қанағаттандырып, істе қылмыстық-процестік кодекске қарама-қайшылықтар бар екенін атап өтті.
Іс судья Қайрат Қасымовтың өндірісіне беріліп, анкеталық мәліметтерден күдікті Жарасхан Мырзабаевтың бұрын Қызылорда облыстық жол полициясының аға инспекторы болып жұмыс істегені жария етілді.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысында инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкаға браконьерлер шабуыл жасады. «Охотзоопром» инспекторлары ауыр жарақат алып, Ерлан Нұрғалиев көз жұмды.