Жамбылдықтар көгалданыру ісіне белсене қатысты
2019 ж. 19 қазан
2259
0
Жамбыл облысында өткен республикалық көгалдандыру акциясына облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған әкімдік аппараты, аудан әкімдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Облыс бойынша қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлерінен барлығы 19 мыңға жуық көшет отырғызылды. Өңірдегі 98 елді мекенді қамтыған Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған ауқымды шараға 18 466-ға жуық адам қатысты.
Өңір басшысы тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы – Мойынқұмда қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен өзге де жұртшылықпен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына көшет егіп, шараға өздерінің зор үлесін қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев түрлі ағаштарды отырғызып, әрі игі істің маңыздылығын атап өтті.
qazaquni.kz