Атырауда жаңа туған нәрестені тоназытқышқа салып қойған
2019 ж. 06 қазан
2623
0
Жаңа туған баланы өлдіге санап, тоңазытқышта қатырған. Атырау перинаталдық орталығындағы бала өлімі қызметкерлердің немқұрайлығынан болған.
Бұл туралы бүгін брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула айтты. Қазір қайғылы жағдайға қатысы тергеу басталды, - деп хабарлады astanatv.kz.
Шыңғыс ҚАБДУЛА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ақ халаттылар тірі нәрестені өлі туылған деп есепке алып, тоңазытқышқа салған. Оқиға орнынан жедел жеткен медицина қызметкерлері өмір белгілері байқалған баланы аман алып қалу үшін шұғыл көмек көрсетті. Дегенмен, жаңа туған нәрестенің әлсіз болатыны белгілі, оны ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады.
Ләззат АҚТАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Медицина саласы болғаннан кейін, қайғылы жағдайлар болып тұрады. Мен аталмыш оқиғадан зардап шеккен отбасынан кешірім сұраймын!
Ал Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы "бұл - сұмдық" деді.
Мәншүк АЙМҰРЗАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазір тергеу жүріп жатқандықтан бұл жағдайға қатысты пікір айта алмаймын. Бірақ дәрігерлерге қатысты айыптаулар мені жаман күйге түсірді. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды жан-жақты тексереді деген ойдамын.
Еске сала кетейік, кешегі жаңалықтар топтамасында Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінгенін айтқан едік. Ол аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама институтының өкілдеріне сараптаманың оң қорытындысын беруі үшін 300 мың теңге көлемінде пара ұсынды деп айыпталды. Сондай-ақ, орталықтың акушер-геникологының үстінен Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда олар сот санкциясымен қамауда отыр.