Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталды
2019 ж. 27 қыркүйек
2368
0
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырза шынымен де ұсталғанын растаймын. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», - деді О. Бектенов Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, оның жасаған әрекетін бағалау бойынша мәселе қаралып жатыр.
«Бұдан басқа ақпаратты жариялай алмаймын. Өздеріңіз білесіздер, тергеу құпиялығы бар, сондай-ақ қылмыстық іс жүрігізудің талаптарын да ұмытпау керек. Тиісті ақпарат болған жағдайда, оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаймыз», - деді Олжас Бектенов.
Еске сала кетейік, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы биыл шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.