Сенаттағы комитет төрағалары тағайындалды
2019 ж. 04 қыркүйек
1867
0
Парламент сенатының пленарлық отырысында ҚР Парламент сенатының тұрақты комитеттеріне жаңа төрағалары сайланды.
Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Владимир Волков – Сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
Мұхтар Құл-Мұхамед – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
Серік Жақсыбеков – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;
Мұрат Бақтиярұлы – Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды;
Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Комитет төрағасы лауазымын атқарып келген Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.