Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды
2019 ж. 28 тамыз
3530
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже; 2) Ұлттық комиссияның құрамы; 3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін", - деп Қаулы етті ҚР президенті.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.