Гүлшара Әбдіхалықова Мәжіліс депутаты атанды
2019 ж. 17 тамыз
3570
0
Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Мәжіліс депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында «Nur Otan» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға, актер Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжановқа, Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі Нұрлан Кемерұлы Әшімбетовке және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды.