Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді
2019 ж. 15 тамыз
3145
0
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге жіберілді, деп жазды baq.kz.
Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Президенттің тапсырмасы бойынша,Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр", - дейді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаштардың кесілуіне наразылығын білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдікке шара қабылдауды тапсырды.