Болат Мажағұлов Президент Әкімшілігіне қызметке тағайындалды
2019 ж. 30 шілде
2636
0
Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2010 жылдың қараша айынан бастап елорданың Мәдениет басқармасына басшы болды», - деп жазылған елордалық Жастар театрының Facebook-тегі парақшасында.
Өз кезегінде қалалық Мәдениент және спорт басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып Ғани Сақтағанұлы Нығыметов тағайындалған болатын.