Президент сынға алған «Астана ЛРТ» құрылысы жалғастырылады
2019 ж. 24 шілде
2908
0
Ал атышулы «Астана ЛРТ» құрылысы 2020-шы жылдың аяғында аяқталады. Үкімет алған бетінен қайтпай отыр. Келесі аптада қаланы дамыту бойынша мемлекеттік комиссия отырысы өтеді. Онда "Астана ЛРТ"-ның ендігі тағдыры нақты шешілмек, - деп хабарлады astanatv.kz.
Еске салайық, қаражаты- банкротқа ұшыраған «Астана банкінде» қалып қойып, жеңіл рельсті трамвай құрылысы тоқтап қалған еді. Қазір 80 млрд теңгені- Ұлттық банк, Елорда әкімдігі, қаржы министрлігі жабылып іздеп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Астана ЛРТ»-ны, дұрыс жоспарланбаған жоба деп сынға алған. Сарапшылар да оны пайдасынан шығыны көп деседі.
Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазір қалада 400 мыңнан астам автокөлік бар. Бес-алты жылда 700, 800-ге барады. Трафикті өзіңіз көріп тұрсыз, таңертең жұмысқа барғанда, сағат 8-9-да, обедтің кезінде, 12-1-де, кешкі 6-дан кейін Сарыарқа, Тұран көшелерінде машинаның жылжуы қиын. Сондықтан мамандардың айтуы бойынша мына жобаны бітіру керек. Жұмысты жалғастырып, құрылысты бір-екі жылдың ішінде бітіру керек деген пікірлер бар.
Қаржы министрі Әлихан Смаилов қазір жобаға жаңа инвестор іздестіріліп жатқанын айтты. 1,5 млрд доллар берген Қытай даму банкі құрылысты жалғастырудан бас тартқан. Енді «Астана ЛРТ» өз облигацияларын сатылымға шығарды. Мақсат - жоба құнын барынша азайту болып тұр.
Әлихан СМАИЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Бұл облигацияны олар ашық нарыққа шығарады және ставкасы валютада 3 процент болады. Ол өте жақсы ставка. Неге десеңіз, қазіргі таңда мысалы, депозитті біздің банктер 1 ақ процентке береді. Бұл жерде 3 процен беріп отыр.