Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметін басқарады
2019 ж. 22 шілде
2032
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», делінген құжатта.
Талғат Қалиев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына енген.