Биыл қажылыққа 3200 қазақстандық барады
2019 ж. 19 шілде
2241
0
Мұсылмандықтың бес парызының бірін орындау үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларынан Сауд Арабиясына тікелей әуе рейстері ашылады, - деп хабарлады 24.kz.
Мұсылмандар діни басқармасы жанынан 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оның құрамына басқарма мен Дін істері комитетінің өкілдері және дәрігерлер кіреді. Сауапты сапарға аттанатындар менингококктық жұқпа ауруына қарсы егілмек.
Ержан Нөкежанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы:
– Биылғы қажылық маусым 30 шілдеден басталады. 30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы Корольдігі тарапынан бізге 3 200 азаматқа квота берілді.