ҚР Президенті Аружан Саинның жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді
2019 ж. 19 шілде
2757
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.
«Белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайынды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Еске салсақ, кеше Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған болатын.