Ақтөбе облысы Түркістанға театр тарту етпек
2019 ж. 11 шілде
2472
0
Ақтөбе облысының әкімі 10-шілде, сәрсенбі күні Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылыс жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Аталған нысан Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда.
4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. 510 адамға арналған көрермен залы,арнайы автотұрақ орны болады.
Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрды көпшілік игілігіне дер кезінде берілуін, әрі құрылысының сапалы жүруін тапсырды. Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысы осы жылдың маусым айында басталған, 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.