Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды
2019 ж. 11 шілде
2929
0
Елорда әкімінің өкімімен Мәкен Бақтияр Мәкенұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мәкен Бахтияр Мәкенұлы Алматы қаласында туған, 38 жаста.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Монтана-Миссула университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі (МРА).
2000-2009 жылдары жастар ұйымдарының басшылығында қызмет етті.
2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.
2010-2012 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы. 2012-2013 жылдары - Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы.
2013-2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.