Қазақстан Президенті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
2019 ж. 28 маусым
2896
0
Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берілді, - деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы мен өңірге тікелей тартылатын инвестиция қарқынын төмендетпеу керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент халықтың тұрмысы төмен топтарын қолдау, тұрғын үй, соның ішінде, «Бақытты отбасы» бағдарламаларының орындалу мәселелерін облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауда ұстауы қажет екенін айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.