Ет бағасын көтергендерге шара қолданылмақшы
2019 ж. 21 маусым
2655
3
Елімізде ет бағасы шарықтап, қымбаттап кетті. Соңғы кезде Ұлттық экономика министрлігіне осындай арыз айтып шағымданатындар саны көбейді. Сондықтан ет бағасы нарығындағы кемшіліктерді анықтау үшін министрлік толыққанды тексеруді бастаған секілді.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, бұрын «ретро-бонус» деген ұғым болған. Яғни, тауарды жеткізіп беруші сауда желісіне екіжақты келісім жүзеге асқан жағдайда бонус төлеуі керек. Ол ақыр соңында тауар құнының қымбаттауына әсер ететін. Енді оны заңнан алып тастаған. Оған қоса, жергілікті әкімдіктер баға тым қымбаттап кетпес үшін шекті баға мөлшерін белгілейді. Бірақ, соған қарамастан ет бағасы өсіп барады. Қазіргі уақытта монополияға қарсы комитет ет бағасына қатысты сараптамалық мәліметтерді жинастырып жатыр екен. Нарықтағы ет үлесі, өндіріс көлемі мен экспорт және импортқа қатысты тоқсандық мәліметтерді анықтап, қандай да бір кілтипан табылып жатса дереу тексеруге шығып, бағаны алдынала келісіп алатындарға қатаң шара қолданбақшы.
qazaquni.kz