Полиция сайлауда барынша ұстамды болу туралы менің тапсырмамды орындады - ҚР Президенті
2019 ж. 11 маусым
1954
0
Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күнінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлеріне ризашылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шынымен де Алматы мен елордада адамдар өз ойларын білдіру үшін көшеге шықты. Бас прокуратура мұндай әрекеттерді заңсыз деп жіктеуі мүмкін», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Мемлекет басшысы кейбір азаматтардың тарапынан арандатушылық әрекеттерінің орын алуына байланысты полиция қызметкерлері өзге адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндірмеу үшін шара қолданғанын айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы сайлау күнінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
«Тағы да атап өткім келеді. Сайлау қарсаңында менің тарапынан сайлау кезінде барынша ұстамдылық таныту қажеттілігі туралы тапсырмам болды. Олар соны жасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.