ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваны қолдау үшін еліміздің ірі қалаларында автосайыс өтті
2019 ж. 07 маусым
2230
0
«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваны қолдау үшін еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте автосайыс өтті. Ұйымдастырушылар – Еспаеваның сайлауалды штабы. Акцияға барлығы жүздеген автокөлік қатысты.
Елордадағы 30 ақ түсті машинадан тұратын колонна өз жолын Мәңгілік ел даңғылындағы «Ақ жол» партиясының кеңсесінен бастады. Ұйымдастырушылардың сөзінше машиналардың ақ түсті болуы бекер емес, ол «Ақ жол» партиясының атауымен тікелей байланысты.
Колоннаның әрбір көлігі Қазақстандағы тұңғыш әйел үміткерін қолдауға бағытталған жалауша, үгіт белгілерімен безендірілді. Көлік жүргізушілерінің маршруты елорданың орталық көшелері, көпір, даңғылдарды қамтыды. Жалпы алғанда акция қатысушылары жүздеген шақырым жүріп өтті.
«Мұндай автосайысты біз парламенттік сайлау алдында өткізгенбіз. Осы жолы да өз үміткерімізді осылай қолдайық деп шештік. Себебі – бұл ауқымды, әрі әдемі акция. «Ақ жол» деген атаудың өзі автосайысқа дәлме-дәл келіп тұр. Біз Дания Еспаеваға жеңіс тілеп, барлық сайлаушыларды 9 мамыр күні сайлауға қатысуға шақырамыз», - деді автосайыстың қатысушысы, «Ақ жол» партиясының мүшесі Әзиз Қожамбетов.
Ақ машиналардың колоннасы Алматы мен Шымкент мегаполистерінде де өтті. Әр қалада сайлауалды штаб жергілікті тұрғындарды сайлауда дауыс беруге шақырған болатын.
Үгіт науқанының соңғы күні 7 маусымда Raim & Artur мен Ayree сынды қазақстандық әншілердің қатысуымен «Мен жастарға сенемін» атты концерт өтеді. Іс-шара сайлауылды науқан аясында Жастар жылына арналады. Шараның басталу уақыты: 19.30
ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның сайлау қоры қаржысынан төленді