ҚР БҒМ шетелдегі қазақтар үшін магистратура, докторантура бойынша білім гранттарын ұсынды
2019 ж. 03 маусым
3098
1
Білім және ғылым министрлігі ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін білім гранттарын ұсынды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» сайтында хабарланды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны: 1 Бакалавриат – 25 2 Магистратура – 125 3 PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.
Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities
Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады. Тел.: +7 (7172) 28 75 26 E-mail: admission@n-k.kz