Павлодар кәсіпкерлері Дания Еспаеваға бизнес мәселелері туралы айтты
2019 ж. 31 мамыр
2516
0
Павлодар кәсіпкерлері Дания Еспаеваға бизнес мәселелері туралы айтты. Аймақтық штаб «Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның қатысуымен үгіт шараларын ұйымдастырды.
Дания Еспаева «Технопром текс» ЖШС, «Мерусар и К» біржолғы медициналық өнімдер зауытын, «Қазэнергокабель» АҚ барды. Аталмыш өнеркәсіп – Қазақстандағы кабель-өткізгіш өнімдерін жасау бойынша алдыңғы қатарда. Мұнда кабель мен өткізгіштің 15 мыңнан аса түрін дайындайды. Шығарылатын өнім көлемі былтырғы жылы 18 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын басшыларының сөзінше, өнімнің сапасы мен кең ауқымдылығына қарамастан, шетел кәсіпорындарымен бәсекелесу қиын боп тұр. Ресей, Белорусь, Өзбекстан елдерінің өнімдері өзіндік құны жағынан арзан болғандықтан, отандық нарықты жаулауда.
«Біз шикізат тауарының бағасы бірдей болған жағдайда, олармен бәсекеге түсе алар едік. Бүгін Ресей, Беларусь, Өзбекстандағы түсті металдың бағасы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Ресейге шыға алмай қалдық, отандық нарықтан да айырылар түріміз бар. Оған қоса, шетелден келетін импорт тауарлар саны көбейіп келеді», - деп айтты компанияның бас директоры Владимир Бобров.
Үміткер отандық өнеркәсіптің аталмыш проблемалары барлық өңірде бірдей екенін, мемлекеттің шағын және орта бизнесті ғана емес, үлкен компанияларға да қолдау көрсету қажеттігін айтты. Дания Еспаева өзінің сайлауалды бағдарламасында салықты төмендету, мемлекеттен субсидияланатындарды көбейту сынды бірқатар шаралардың ұсынылғанын атап өтті.
Ұжыммен кездесу барысында зейнет жасы, баспанамен қамтамасыз ету сынды әлеуметтік тақырыптағы сұрақтар да қойылды.
«Кездесуде сайлаушылар әрдайым белсенділік танытып, халықты мазалаған сұрақтарын қояды, - деді үміткер. – Павлодар жұртшылығы да «7-20-25» бағдарламасының азаматтардың көбіне қолжетімсіздігі мазалайтынын айтты. Бағдарлама жаман емес, бірақ бастапқы 20% жарнасын көп қазақстандық жинай алмайды. Сол үшін мемлекетімізде аналық капиталды енгізу керек, ол жас отбасыларға мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға мүмкіндік береді».
Осындай үгіт кездесулер «Мерусар и К» зауытында да өтті.
Облыстық кітапханада Дания Еспаева республикалық штаб жетекшісі Азат Перуашевпен жұртты сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Үміткер жиналғандардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Партиялықтар өтініштерді назарда ұстайтынын ескертті.
ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның сайлау қоры қаражатынан төленді