Азат Перуашев: Қазақ халқының көпшілігі Еуропа жолын, Еуропа сапасын қалайды
2019 ж. 30 мамыр
2347
1
[caption id="attachment_100412" align="aligncenter" width="618"]
Фото: ҚазАқпарат[/caption]

Қазақ халқының көпшілігі Еуропа жолын, Еуропа сапасын қалайды - бұл туралы президентiкке үмiткерлердiң пiкiр-сайысында Азат Перуашев мәлiмдеді.
Сөздiң дәлелдемесі ретінде ол Әлихан Бөкейханның сөзін мысалға келтiрдi: «Біз – батысшылмыз. Халықты мәдениетке баулуда, біздің назарымыз Батысқа ауған».
Бірақ, мемлекеттен батыстағы сапасын талап етсек, өзіміз де тәрбие, менталитет, саяси мадениет жағынан – Еуропа ұстанымдарына, біліміне бет бұруымыз қажет, - дедi «Ақ жолдың» көшбасшысы.
«Біздің жұрт Бостандық, Теңдік, Құрдастық саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деп Азат Тұрлыбекұлы Әлихан Бөкейханның сөзiн еске салды.