Қазақстан Президенті «Қазмұнайгаз» төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады
2019 ж. 24 мамыр
2543
1
Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді, - деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.
Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.