Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
2019 ж. 21 мамыр
2227
0
Синоптиктер 2019 жылдың 21-23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және күшті секундына 15-25 метр желмен суық ауа райы күтіледі. Бұл барлық метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық фронттардың өтуімен байланысты болады", - делінген хабарламада.
Синоптиктер мәліметінше, Батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, республика арқылы антициклонның жылжуымен кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі.