Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы сайлау науқаны аясында Маңғыстау облысына келді
2019 ж. 20 мамыр
2926
2
2019 жылдың 18 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан Перзиденттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы сайлау науқаны аясында Маңғыстау облысына келді.
Ең алдымен, Партия төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы және Парламент депутаты Дүйсенбинов Берік Сәлімжанұлы, Қошқар ата бейітіне барып, Танаш Меңдібайұлының аруағына құран бағыштады.
Содан соң штаб басшылары Маңғыстау өңіріндегі "Қазақ - Бекіре" ЖШС ұжымымен кездесті.
Сондай-ақ, Партия төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросынан келген кезектен тыс Перезиденттік сайлауды бақылаушы Александр Бедрицкий және Шила Джагабпен сұхбаттасты.
«Holiday Inn Aktau» қонақ үйінің мәжіліс залында «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, штаб басшылары Маңғыстау халқымен кездесті. Кездесуге, Партия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев, филиалдың Кеңес мүшелері, өңірдің жас кәсіпкерлері, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуді филиал төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы жүргізіп отырды.
Кездесу барысында Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлы партияның бағыт – бағдарын, партия атынан Президеттікке үміткер Еспаева Дания Мәдиқызының сайлауалды бағдарламасының мақсаттарымен таныстырды.
Сондай-ақ, кездесуге жиналғандар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Шара соңында, күйші Набияр Алтаев домбыра құлағынан күмбірлете күй төксе, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшесі Еркебұлан Қуанғали халық термесін орындады.
Сонымен қатар штаб басшылары Маңғыстау облысындағы "Ақтау тарнсформатор зауыты" ЖШС жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.
«Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.
ҚР Президенттігіне үміткер Д. М. Еспаеваның сайлау қорының қаражатынан төленді