Талайды тамсандырған Маңғыстау табиғаты
2015 ж. 18 қараша
8260
1
Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Өлкемізге Маңғышлақ жарты аралы және Үстірт жазығының оңтүстік-батыс бөлігі кіреді.
Маңғыстау облысының жер бедері сан алуан,оған жазық жерлер Үстірт жазығы,Бозашы түбегі,таулы жерлер: ең биік нүктесі- Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы,биіктігі теңіз деңгейінен 556м жоғары.Ал ең төменгі нүктесі-Қарақия ойпаты,ол теңіз деңгейінен 132метр төменде жатыр.Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүниежүзінде 3-інші орын алады.Маңғыстаудың климаты кенеттен құбылмалы,континенталды: жазы ұзақ,ыстық,құрғақ болып келеді де,қысы қатты және аязды.Жалпы сипаттағанда жазы-Ливия шөліндегідей,қысы-Норвегиядағыдай.
Маңғыстау және Каспий теңізінің картасының жасалуының өзіндік тарихы бар.Мына карта 1558-1562 жылдар аралығында Маңғыстау арқылы Жібек жолы сауда керуеніне еріп Үндістанға сапар шеккен ағылшын көпесі А.Дженкинсонның жасаған картасы.Каспий теңізі туралы толық карта XYIII ғасырда жасала бастады.Оған Бекович-Черкаский және т.б. саяхатшылар өз үлестерін қосқан.
Таулы,құмды,сортаңды және бұлақты,оазисті жерлері,теңіз жағалауы және жайқала өскен ағаштарды көріп тұрсыздар.Жер шарының шөлді жерлерін зерттеген ғалым Борис Федорович былай деген екен: Егер сіз дүние жүзіндегі шөлді аймақтардың,таулардың,сортанның түрлерін,сондай-ақ теңіз деңгейінен 132метр төмен жатқан сусыз тереңдіктерді,желдің ғаламат күші мен басқа да табиғаттың тамаша құбылыстарын көргіңіз келсе Маңғыстаудан басқа жер таба алмайсыз.Мына жерде сол ғалымның Маңғыстаудың жер бедері туралы еңбегінде жазған сөздерін оқи аласыздар.
Маңғыстаудың тамаша жері мен табиғаты көптеген ғалымдарды ерте кезден-ақ қызықтырған.1825-1826 жылдары Үстірт жазығымен орыстың полковнигі Ф.Ф.Бэрг басқарған әскери топографиялық экспедициясы өтті.
Сол экспедиция дәрігері Эдуард Эверсман Қазақстан мен Орта Азия жануарлары мен өсімдіктерін зерттеуші.Ал мына суретте орыс саяхатшысы Г.С. Карелинді көріп тұрсыздар.Карелин ең алғашқы Маңғыстау түбегінің табиғатын зерттеушілердің бірі.50 жыл өмірін Қазақстанды зерттеуге арнады.Ол Маңғыстау және Каспий теңізіне 1832-1836 жылдары келіп,1834 жылы Каспий теңізі жағалауына бекініс тұрғызуға ат салысты.Ол өз күнделігінде Маңғыстаудың өсімдіктері мен жануарларының тізімін жазып кеткен.Маңғыстаудың ең басты байлығы мұнай туралы өзінің күнделігіне қолжазбалар қалдырып кеткен болатын.
«Мен бір тамашаны көрдім,ескегіміз қайранға әр тиген сайын,майлақы жасыл бірдеңе су бетіне жүзіп шығады.Сол бір үлкен дөңгелек майлақы шелпекшелерді тексеріп көріп едік,Каспийдің батыс жағалауы мен шығысы шылқи бөгіп жатқан ақ мұнай болып шықты».